Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Студенттердің өндірістік практикасы-жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды кезеңі

Бүгінде машина жасау техниктерге өте мұқтаж. "Семей инжиниринг" АҚ зауытының базасында Шәкәрім университетінің технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасының филиалы ашылды. Дуалды білім беру аясында кафедра филиалының ашылуы кадрларды тікелей кәсіпорынның өзінде дайындауға мүмкіндік берді. Болашақ түлектер оқу процесін үзбей практикалық білім алуға мүмкіндік алды. Студенттерді оқытуды кәсіпорынның жоғары білікті қызметкерлері жүргізеді.

Қаланың мектептері мен оқу орындарының түлектерін кәсіби бағдарлау үшін жыл сайын экскурсиялар өткізіледі – олардың мақсаты жұмысшы мамандықтарының құндылығын егжей-тегжейлі түсіндіру және дәріптеу болып табылады.

Бүгінгі таңда Семей қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен өндірістік практиканы ұйымдастыру бойынша жасалған меморандумдар мен шарттарға сәйкес кәсіпорында "Семей қаласының Шәкәрім университеті" КЕАҚ, Семей қаласының "Индустриалды-технологиялық колледжі" КММ және "Көлік колледжі" КМҚК 35 студенті тәжірибеден өтуде.

Кері қайту