Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Кәсіпорын туралы

Орта Азия аймағындағы бірден-бір жөндеу зауыты өз тарихын Семей қалалық атқару комитетінің шешіміне сәйкес, Воронеж қаласындағы 41486 әскери бөлімнің геологиялық тобымен тамыздан қыркүйекке дейінгі кезеңде қарастыру жұмыстары жүргізілген 1976 жылғы 2 шілдеден бастайды.

КСРО Бас штабы директивасының 1984 жылғы 30 қаңтардағы  №314-18/0169 бұйрығының негізінде жалпы аумағы - 17,4 га, Броньдалған танк жөндеу зауытының құрылысы басталды.

Қол қойылғаннан кейін алғашқы кезекте шығарылатын өнімнің көлемін арттыру үшін жұмысшылар мен қызметшілерді қабылдау жүзеге асырылған болатын. Жұмысшылар мен қызметшілердің штаттық саны – 1500 адамды құрады.  Қуаты – жылына БТТ ҚЖ техникасының 600 күрделі жөндеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы №295 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жарғылық капиталына ақы төлеуге берілді.

Қызметінің негізгі түрі:

  • қорғаныстық және азаматтық бағыттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу, қызмет ету мен жүзеге асыру. 

«Семей инжиниринг» АҚ – келесі бағыттар бойынша мамандандырылған кәсіпорын:

  • Броньдалған танктік  техниканы жөндеу
  • Конверсиялық жұмыстар
  • БТТ ҚЖ жаңғырту

Келесілер кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері болып табылады:

1. Күрделі, орта және регламенттік жөндеу:

  • ЖӘСК-1 және ЖӘСК-2 жаяу әскердің соғыс көлігі;
  • БТР-60, БТР-70 және БТР-80 броньдалған транспортерлары;
  • Т-72 және Т-62 танкілерін жөндеу;
  • ҰДБМ-2  Ұрыстық десанттық-барлау машинасы;
  • КЖБТ кіші жеңіл броньдалған тартқыш.

2. Т – 72 танкісінің жаңғыртылуы.

3. Қозғалтқыштарды күрделі жөндеу (УТД-20,В-54, В-46, В-55, B-59У).

4. Әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы әзірлеу.