Кәсіпорын туралы
Орта Азия аймағындағы бірден-бір жөндеу зауыты өз тарихын Семей қалалық атқару комитетінің шешіміне сәйкес, Воронеж қаласындағы 41486 әскери бөлімнің геологиялық тобымен тамыздан қыркүйекке дейінгі кезеңде қарастыру жұмыстары жүргізілген 1976 жылғы 2 шілдеден бастайды.
КСРО Бас штабы директивасының 1984 жылғы 30 қаңтардағы №314-18/0169 бұйрығының негізінде жалпы аумағы - 17,4 га, Броньдалған танк жөндеу зауытының құрылысы басталды.
Қол қойылғаннан кейін алғашқы кезекте шығарылатын өнімнің көлемін арттыру үшін жұмысшылар мен қызметшілерді қабылдау жүзеге асырылған болатын. Жұмысшылар мен қызметшілердің штаттық саны – 1500 адамды құрады. Қуаты – жылына БТТ ҚЖ техникасының 600 күрделі жөндеуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы №295 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жарғылық капиталына ақы төлеуге берілді.
Қызметінің негізгі түрі:
- қорғаныстық және азаматтық бағыттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу, қызмет ету мен жүзеге асыру.
«Семей инжиниринг» АҚ – келесі бағыттар бойынша мамандандырылған кәсіпорын:
- Броньдалған танктік техниканы жөндеу
- Конверсиялық жұмыстар
- БТТ ҚЖ жаңғырту
Келесілер кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері болып табылады:
1. Күрделі, орта және регламенттік жөндеу:
- ЖӘСК-1 және ЖӘСК-2 жаяу әскердің соғыс көлігі;
- БТР-60, БТР-70 және БТР-80 броньдалған транспортерлары;
- Т-72 және Т-62 танкілерін жөндеу;
- ҰДБМ-2 Ұрыстық десанттық-барлау машинасы;
- КЖБТ кіші жеңіл броньдалған тартқыш.
2. Т – 72 танкісінің жаңғыртылуы.
3. Қозғалтқыштарды күрделі жөндеу (УТД-20,В-54, В-46, В-55, B-59У).
4. Әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы әзірлеу.