Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы «Семей инжиниринг» АҚ-ның кәсіпшіліктегі жабдықтарды жөндеу бойынша мүмкіндіктерімен танысты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әбдірахманов Теміржан Семей қаласына жұмыс сапары аясында жылжымалы танк жөндеу шеберханасының жұмысымен танысып, оның функционалдығын бағалау мақсатында «Семей инжиниринг» АҚ-да болды.

Атап айтқанда, техникаларды жөндеу жобасын далада жүзеге асыру мүмкіндігі көрсетілді.

Жылжымалы танк жөндеу жөндеу шеберханасы дала жағдайында жауынгерлік машиналар мен жүк көліктерін жөндеу кезінде көп еңбекті қажет ететін техникалық қызмет көрсету жұмыстарын, бөлшектеу-жинақтау, монтаждау-орнату және басқа да жұмыстарды орындауда бригадаларға көмек көрсетуге арналған.

ТЖШ қажет болған жағдайда азаматтық мақсаттарда да пайдаланылуы мүмкін екенін ескеру маңызды.

Осылайша, бұл әдіс 2022 жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Екібастұз қаласында төтенше жағдай кезінде Басқарма төрағасы бастаған «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының мамандары инженерлік желілерді қалпына келтіруге көмектесу үшін барған кезде қолданылған.

Техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету шеберханасын құру және пайдалану кәсіпорынға әскери техниканы дала жағдайында жөндеуді қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді.

Кері қайту