Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАҚСЫ СӨЗІ

«Семей инжиниринг» АҚ бас директоры ТҰРЛЫБАЕВ ТАЛҒАТ ТОҚТАРХАНҰЛЫҒА Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табыс етілді.

Жаңа жыл қарсаңында «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалында сайлау кезеңінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан семейліктерді марапаттау рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды науқанын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысқа елеулі үлес қосқаным үшін алғысымды білдіремін. Біз күш біріктіріп, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін әділ Қазақстан мемлекетін бірге жасаймыз деп сенемін. Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбек жемісті болсын», – делінген хатта.

Кері қайту