Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР ИИДМ Министрінің Абай облысына жұмыс сапары

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына келді. Абай облысына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралап, жаңа шағын аудан құрылысының барысымен және Семей қаласының әуежайын қайта жаңартумен танысты.

Марат Кәрімжанұлы біздің "Семей инжиниринг" АҚ зауытында болды. Бас директор Т.Т. Тұрлыбаев Министрді кәсіпорынның өндірістік қуатымен таныстырды, өндірістік цехтарды көрсетті, зауытта оқшауланған өнім үлгілерін ұсынды, өңірлік бизнесті тарта отырып, кластерлік тәсіл қалай ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ, "Семей инжиниринг" АҚ танкодромында броньды танк техникасының жұмысы көрсетілді.

Кері қайту